- Басты
- Жаңалықтар
- Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды
Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бастаманы қолға алудағы мақсат – отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады.
Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев, ҚР Бас прокурорының аса маңызды тапсырмалары жөніндегі аға көмекшісі С.Тұрсынбекова арнайы қатысып, пилоттық жобаның маңыздылығына тоқталды.
«Мұндай орталықтардың аудан орталығымызда ашылуы өте маңызды. Аудан тұрғындары қалаға сабылмай-ақ осы орталықтың көмегіне жүгіне алатын болады. Пилоттық жобаны жүзеге асырып отырған еліміздің Бас прокуротурасына алғысымыз шексіз»,- деді аудан әкімі Самат Сапарбаев.
Өз кезегінде сөз алған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының жетекшісі Салтанат Тұрсынбекова орталықтың жұмыс ауқымын түсіндірді.
ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ашылған сектор ғимараты қажетті бөлмелермен қамтамасыз етілген. Мұнда қабылдау және дәрігер бөлмесімен қатар қажетті құралдармен жабдықталған психолог, тренинг, егу кабинеттері жұмыс істейді. Атылған орталық болашақта барлық мемлекеттік органдар тарапынан жасалатын профилактика жұмыстарын үйлестіретін бірден-бір орган болмақ.
Айта кетейік, дәл осындай орталық Сарыағаш ауданында да ашылған болатын. Бір айдың аралығында орталық 50-ге тарта азаматшаға әлеуметтік көмек көрсетілген.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
19 мыңнан аса елордалық вакцина алды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды