- Басты
- Жаңалықтар
- "Нұр Отан" партиясы пікірсайыс алаңына айналуы тиіс – Н. Ерімбетов
"Нұр Отан" партиясы пікірсайыс алаңына айналуы тиіс – Н. Ерімбетов
«Саяси кеңестің отырыстарында түрлі пікірсайыстарға қатысып жүремін. Бүгінде партия түрлі сарапшыларды шақыра отырып, күрделі, кейде билік үшін қолайсыздау мәселелерді көтереді. Мұны партия жұмысындағы ілкімділік деп бағалаймын», – деді Нұрлан Ерімбетов.
Нұрлан Ерімбетов оған мысал ретінде «Қазақстан-2050» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысын атады.
«Биылғы жылы оның жұмысы жандана түсті деуге болады. Сан алуан пікірдегі адамдар жиылып, күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді талқылады», – деп атап өтті саясаттанушы.
Дегенмен, алдағы жылда партия жанындағы пікірсайыс алаңдарының жұмысын арттыру қажет деп санайды.
«Жалпы алғанда, партияның өз ішінде қызу пікірталас болуы керек, ол жоқ емес, бар, тек оны күшейту қажет. Қандай да бір мәселеде пікір қайшылығы туындайтын түрлі топтағы адамдар, партия мүшелері «Нұр Отан» партиясының алаңдарында өз ойларын еркін жеткізе білуі керек. Бұл тұрғыдан, партия бүгінгі таңда көзқарасы партияның немесе билік құрылымдарының пікіріне сай келе бермейтін адамдарға өздерінің ашықтығын көрсетіп отырғанын байқаймын», – дейді Нұрлан Ерімбетов.
Сондай-ақ, партия үшін ең маңыздысы – қазіргі билікке қарсы пікір білдіруші ұйымдардың өкілдерін пікірталасқа шақырып, олармен пікір таластырудан қашпай, өз ойын білдіріп, ортақ мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады