- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 10 мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылмақ
Қызылорда облысында 10 мың гектардан астам жерге ағаш отырғызылмақ
Биыл да жалғасын тапқан осы шаралар аясында мемлекеттік орман қоры жерлеріне 10709 гектар ағаш көшетін егу жоспарланған. Жарты жылда осы межелі аумақтың 3709 гектарына сексеуіл, жеміс ағаш көшеттері егілді. Оның ішінде 2500 гектары Арал теңізі ұлтанына егілген, агротехникалық талаптарға байланысты теңіз табанына көшет егу енді күзде жалғасады.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша орман билеті және ағаш кесу билеті барлығы 187 адамға берілді. Орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында, қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелері мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде 72 рейд ұйымдастырылды, заңсыз орман ағашын кесудің 5 жағдайы анықталды.
"Бүгінгі күні 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №519-ө өкімімен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылды. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндіруші қызмет атқарады. Орман өрттерін сөндіру үшін биылға 23,1 тонна (дизель 13,2 тонна, бензин 9,9 тонна) жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды", - делінген хабарламада.
Орман өртін болдырмау мақсатында жаңадан 185 шақырымдық минералдық жолақтар және 1710 шақырымдық ескі минералдық жолақтар қалпына келтірілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары