- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде жүк көліктерінің шиналарын қайта қалпына келтіру және жаңарту зауыты іске қосылады
Ақтөбеде жүк көліктерінің шиналарын қайта қалпына келтіру және жаңарту зауыты іске қосылады
Жобалар мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған экономиканы жеделдетілген технологиямен жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Тиімді экономикалық-географиялық жағдайдың «Ақтөбе» индустриялық аймағын «А» сыныпты көлік-логистикалық орталықтың құрылыс орны етіп таңдаудағы айқындаушы факторы болғанын мойындаған «Фаэтон компаниясы» ЖШС жобаны жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлуге ниетті. Инвесторлар сондай-ақ мұнда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың, автокөлік пен теміржол көліктеріне арналған кірме жолдардың барын, энергетикалық ресурстардың салыстырмалы төмен бағасы мен өздеріне ұсынылған өзге де жеңілдіктерді жоғары бағалауда.
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жаңа көлік-логистикалық орталықтағы қаттау жүйесі SAP халықаралық стандартына сәйкес келіп, ал жүк өңдеу технологиясы автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейіне ие болады. 2019 жылы қолданысқа берілетін орталыққа 120 адам орналастырылады. Айта кетейік, аталмыш жобаны жүзеге асыру туралы келісімге 2016 жылдың күзінде Ақтөбе және Алматы облыстары арасындағы өңіраралық кооперацияны жолға қою аясында келген болатын.
Сондай-ақ, «Баумастер Интернэшнл» ЖШС-ның судесперсиялық бояу мен декоративті сылақ өндіру цехының құрылысы басталды.
Болгарлық ірі инвестордың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жоба импортты алмастыру стратегиясына сәйкес келеді. Өйткені Қазақстан нарығында ұсынылған лак және бояу өнімдерінің 80 пайызы сырттан әкелінеді. Бірінші кезеңде цехтың жылдық қуаттылығы жылына 5 мың тоннаға дейін судесперсиялық бояуды құрайды. Өндіріс пен шығарылатын өнімдер тізімін арттыру жоспарда бар.
Батыс Қазақстан үшін тағы бір бірегей жоба – «Гигант» ЖШС-ның жүк көліктерінің құрсымын қайта қалпына келтіру және жаңарту зауыты. Еуропада осыған ұқсас екі зауыты бар неміс инвесторы жобаны жүзеге асыру үшін 800 млн теңге салатын болады. Кәсіпорын жұмысын осы жылдың желтоқсан айында бастап, кем дегенде 20 жұмыс орнын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Айта кетейік, бір жыл бұрын облыс әкімі индустриялық аймақта 5 ірі инвестициялық жобаның іргетасын қалаған болатын. «TALANTechnology» ЖШС және «АқтөбеTOPSAПласт» ЖШС деп аталатын екі зауыт өндірістік процеске кірісіп кетті. Үш жоба аяқталуға жақын, соның ішінде 2017 жылдың желтоқсан айында 180 адамды жұмыспен қамтитын «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС зауыты іске қосылады деп күтілуде. Құны 6 млрд теңге болатын өндірісте керамикалық гранит пен керамикалық тақташа шығарылмақ. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 5 млн шаршы метр өнім. Зауыттың ерекшелігі – тапсырыс берушіге бұйымның түсі мен дизайнын таңдауға мүмкіндік беріледі.
"Мемлекет басшысы индустриялық аймақтарды дамытуға баса назар аударады, сондықтан, бұл - экономиканы дамытып, инвестиция тартудың бірден бір көзі. Біз 2016 жылдан бастап «Ақтөбе» индустриялық аймағындағы жұмысты жандандырдық. Жыл соңына қарай Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының біріне айналатын керамикалық гранит пен керамикалық тақташа шығару зауытының бірінші кезегі іске қосылатын болады. Бүгін негізі қаланған үш жоба да өңіріміз үшін және жалпы Қазақстан экономикасы үшін өзекті болып табылады. Біз өз тарапымыздан инвесторларға әрқашан көмектесіп, қолдау көрсетіп келеміз және әрі қарай да көрсететін боламыз", - деп атап өтті облыс әкімі.
Қазіргі уақытта «Ақтөбе» индустриялық аймағында құны 72 млрд теңге болатын барлығы 12 жоба жүзеге асырылуда. Олар іске қосылысымен 1700 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады