- Басты
- Жаңалықтар
- Үшарал қаласында жаңа әуежай ашылды (ФОТО)
Үшарал қаласында жаңа әуежай ашылды (ФОТО)
«Астана-Үшарал бағыты бойынша жаңа әуе рейсінің ашылуы – туристер үшін қуанышты жаңалықтардың бірі деп білемін. Қазақстандағы ең ғажайып орындардың бірі Алакөлге барғысы келетіндердің саны өте көп, сұраныс жоғары болды. Бастапқыда бұл бағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады деп жоспарланып отыр.
Үшарал әуежайындағы ұшу-қону қауіпсіздігі, жолаушыларды тіркеу және тексеру сияқты жұмыстарды барлық талаптарға сай қылу үшін көп іс атқарылды. Жаңа бағыттың ашылуы - жолаушылардың қажеттілігін толықтай өтейді деген үміттемін. Барша жолаушыларға сәтті сапар тілеймін!» - деп жазды ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында.
Ал Алматы облысының Үшарал қаласында бүгін жаңа әуежайдың тұсауы кесілді.
"Өңірде туристік инфрақұрылым қарқынды дамып, заманауи туристік нысандар, қонақ үйлер көптеп салынуда. Соның нәтижесінде Алакөлге елімізбен қатар ТМД-дан, тіпті алыс шет елдерден де демалуға азаматтар келіп жатыр. Алакөлдің туристік әлеуеті зор. Жаңа әуежайдың ашылуы туристік саланың одан әрі дамуына тың серпін береді деп ойлаймын", - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, əуежайдың құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұнда «Жетісу» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет «Астана-Үшарал-Астана» бағытындағы және үш рет «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн теңге қаржы бөлінді. Атап өтсек, Астанадан Үшаралға дейін ұшатын рейстің құны - 16 мың теңге, Талдықорғаннан - 8 мың теңге.
Бұған дейін 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы темір жол қатынасы қолға алынған болатын. Алғашында 16 вагонмен басталып, қазіргі кезде сұраныстың артуына байланысты вагондар саны 23-ке жеткен.
Жалпы, Алакөл маңында туризм бағыты бойынша 162 нысан қызмет көрсетеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2014 жылы - 200 млн теңге, 2015 жылы 352 мл. теңге бөлінген. Ақши және Көктұма ауылдарының кәріз жүйесі құрылысының құжаттарын дайындауға 21,6 млн теңге қарастырылған. Ақши ауылының демалыс аймақтарына дейін баратын 23 шақырым жолдың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ауыз су құбыры жүйесі 343 млн теңгеге жасалып, пайдалануға берілген. Жуық арада «Талдықорған-Үшарал» автожолының жөндеу жұмыстары басталады.
Айта кету керек, 2016 жылы Алакөлде 452 мыңнан астам адам демалса, биылғы жылы 500 мыңнан астам келеді деп күтіліп отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру