- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отанның» орталықтандыру саясаты қоғамды біріктіреді – ҚСЗИ ғылыми аға қызметкері
«Нұр Отанның» орталықтандыру саясаты қоғамды біріктіреді – ҚСЗИ ғылыми аға қызметкері
Юрий Булуктаевтың айтуынша, орталықшылдық идеологиясы – оңшыл немесе солшыл партиялық қозғалыстар мен топтар арасында аралық позиция болып табылатын маңызды саяси мәселелер бойынша саяси ұстамды айқындама болып табылады.
«Орталықшылдық идеологиясы Доктринада саяси тұғырнама ретінде айқындалған. Партия өзінің орталықшылдық саясатын қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттердің кең ауқымдылығымен байланыстырады. Ол аталған міндеттерді шешу үшін жаңа әдістерді ұсынып, еліміздегі саяси қайшылықтарды жоюға, «тігісін жатқызуға» мүмкіндік береді», – деп санайды ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері.
Сондай-ақ ол орталықшылдық саясаты қоғамдағы тұрақтылық пен ауызбіршілікке, әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, халықтың тұрақты дамуы мен олардың арасындағы мүдделер тепе-теңдігіне негізделгенін атап айтады.
«Орталықшылдық саясатта халықпен кері байланыс орнатылуы тиіс. «Нұр Отанның» мұндай кері байланыс құралы ретінде қоғамдық қабылдау бөлмелерін атауға болады», – дейді сарапшы.
Оның пікірінше, орталықшылдық идеологиясы саяси тұрақтылық арқылы халықты жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
«Нұр Отан» партиясы орталықшылдық саясатын таңдай отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыратын қоғамдық күштердің біріктіруші өзегі болуға дайын екендігін білдіріп отыр.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”