Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үйлер салынуда

22 Шілде, 2017 16:03
Жамбыл облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 80 пәтерлі 4 көпқабатты үй салынуда.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, үш көпқабатты үйді ағымдағы жылдың желтоқсан айында, ал қалған бір үйді  келесі жылы өткізу жоспарлануда. Мұнда қолданылып жатқан материалдың барлығы  отандық өнімдер.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 14 үйдің жобалық-сметалық құжаттарын аяқтау жоспарланған.

Биылғы жылы 4 үйдің құрылыс жұмыстарына 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген. Бұдан бөлек, 35 көпқабатты үйдің жобасы әзірленуде. Ағымдағы жылдың бірінші тамызына дейін 10 жоба сараптамасының оң қорытындысын алып, құрылысты бастау жоспарланып отыр. Бұл мақсатта Ұлттық қордан 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. 

Барлық жаңалықтар