- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнес-жобалар жәрмеңкесінде 30 үздік бизнес-идея ұсынылды
Бизнес-жобалар жәрмеңкесінде 30 үздік бизнес-идея ұсынылды
А.Нүкенов мұндай іс-шаралардың әсіресе ауыл тұрғындары үшін өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
"Жалпы, ағымдағы жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 588 млн теңге сомасына 55 грант беріледі. Азаматтарды жұмысқа орналастыру механизмдерін жетілдіруге бағытталған осы жоба мәселені ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігі мен әлеуметтік жауапкершілігін қолдау мен ынталандыру арқылы шешетінімен қызықты. Мұндай жобалар мемлекеттік органдар мен бизнес қоғамдастықтардың қолдау көрсетуін қажет етеді деп санаймыз", - деп атап өтті вице-министр.
«Жұмысқа орналастыру қызметін ұйымдастыру» жобасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің гранты негізінде «Әйел сәулесі» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанның волонтерлар альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп жүзеге асыруда.
Жобаның негізгі мақсаты жаңа жұмыс орындарын құру және «Болашаққа қадам» республикалық байқауы нәтижесінде іріктелген елді мекендердегі бизнес-жобаларды жүзеге асыру арқылы ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру.
Қазақстанның барлық аймағынан түскен 144 өтінімнің ішінен 30 үздік бизнес-идея таңдап алынды. Финалдық кезеңнің қатысушылары өз жобаларын бизнес-жобалар жәрмеңкесі барысында сарапшылар алдында қорғады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады