- Басты
- Жаңалықтар
- Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады
Тамара Дүйсенова "Нұр Отан" партиясында азаматтарды қабылдады
Оның айтуынша, 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы көлемі 2017 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өспек. Ол үшін қазынадан 267 млрд теңге көзделген.
Бұдан бөлек, Тамара Дүйсенова былтыр 35%-ға көбейген мүгедектер жәрдемақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан тағы 16%-ға жоғарылайтынына назар аударды.
Өңірлермен тілдесу барысында Қарағанды қаласынан байланыс орнатқан зейнеткерлер қауымы, зейнетақы және жәрдемақымен қатар көтерілген бағаға қатысты әлеуметтік дәріханаларда дәрілерді электрондық тізім бойынша сатып алуды ұйымдастыруды сұрады.
"Үкімет отырыстарында зейнеткерлеріміздің бағалардың күрт шарықтауы салдарынан мемлекет көмегін сезінбей қалып жататынын айттым. Қазіргі кезде тиісті жұмыстар қолға алынды. Мысалға облыс әкімдіктеріндегі тұрақтандыру қорлары, аса қажетті тауарлардың бағасы ушығатын болса, халық сұранысын өтей білуі қажет. Премьер-министр құзырлы министрлікке бағаны реттеуде ұсыныстар енгізуді тапсырып, жыл аяғына дейін осы мәселенің шешімін табу керектігін нұсқады", - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.
Негізінен қабылдауға келген азаматтар жәрдемақы мен мүгедектік тобын тағайындау, еңбек құқықтарын қорғау сияқты бағыттарда арыз-шағымын жеткізді.
-
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Уролог дәрігер: коронавирус ер азаматтардың репродуктивті денсаулығына әсер етеді -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
«Ашық үкімет» порталдарын дамыту: Азаматтардың дербес деректері қорғалған ба -
Азаматтарды күзгі әскерге шақыру процесі қалай жүзеге асады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Қ.Тоқаев: Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті -
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады -
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Тоқаев бейнебайланыс арқылы Тимур Құлыбаевты қабылдады -
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады