- Басты
- ПМХЗ-да 12 технологиялық қондырғы жаңғыртылуда
ПМХЗ-да 12 технологиялық қондырғы жаңғыртылуда

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай жаңғыртуды аяқтағаннан кейін жоғары октанды бензин өндірісі 297 мың тоннаға ұлғаятынын, сондай-ақ халықаралық Jet A1 стандартты авиаотын өндірісі қамтамасыз етілетінін баяндады.
ПМХЗ жаңғырту жобасы бойынша 12 технологиялық қондырғы мен 16 жалпы зауыттық шаруашылық нысаны салынып және жөнделіп жатыр. Жаңғыртудан кейін ақшыл мұнай өнімдері өндірісі жылына 333 мың тоннаға артады.
Зауытты жаңғырту аясында сондай-ақ қолданыстағы қондырғыларды жөндеу жүргізілуде, бұл ағымдағы жылдың соңында К4, К5 стандартты дизель отынын және авиациялық отын өндіруді бастауға мүмкіндік береді.
Жалпы, ПМХЗ жаңғырту тұтынушыларды сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге және жаңа технологиялар енгізу, басқаруды автоматтандыруды арттыру есебінен қоршаған ортаға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Зауытта 1900 астам адам жұмыс жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5,1 млн. тонна мұнайды құрайды. Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Италия, Украина сияқты елдерге өнімдер жеткізеді.
-
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды
-
2,3 млн-нан астам азамат табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
COVID-19: 12 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
-
2 млн 250 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды
-
Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген
-
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 120 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
Astana Hub Startup Village Livestream ірі технологиялық конференциясына қатысты
-
Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған – Ә.Смайылов
-
Жетісайлық кәсіпкер облыс тұрғындарына 120 тонна қырыққабатты теген таратты
-
COVID-19: 12:20-дағы эпидемилогиялық жағдай қандай
-
COVID-20197 Науқастар саны 1290-ға жетті
-
Коронавирус. Науқастар саны 1261-ге жетті
-
Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған
-
Биыл елімізде 120 млн тонна көмір өндіру жоспарланған
-
«Еңбек» бағдарламасына қосымша 123 млрд теңге бөлінеді – Б.Нұрымбетов

