- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы экономикасына 400 млрд теңге тартылады
Алматы экономикасына 400 млрд теңге тартылады
Қала әкімдігі хабарлағандай, қала аумағындағы 1034 ескі құрылысты қайта жаңартылмақ.
Қолжетімді баға бойынша қосымша 30 мыңнан астам пәтер салынады, қала тұрғындары жаңа әлеуметтік нысандармен, мектептермен, бала бақшалармен, емханалармен, жаңартылған инженерлік коммуникациялармен, абаттандырыған аумақтармен және басқаларымен қамтамасыз етіледі. Ол үшін таяудағы жеті жыл ішінде қала экономикасына жалпы көлемі 400 млрд. теңге жеке инвестиция тартылып, 70 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
«Біздің басты мақсатымыз - тұрғын үйлерді жаңартып қана қоймай, оның бағасын төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестиция тарту. Мемлекет басшысы тек «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ғана емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржы есебінен де құрылыс салуды тапсырды. Біздің қалада бұл үшін барлық жағдайлар бар, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді Бауыржан Байбек.
Ол жаңа үйлердің жобаларын жасағанда және құрылысты жүргізгенде коммуникация мен желілерге түсетін ауыртпалықты қатаң ескеру қажеттігін айтты және өкілетті органдардың назарын жаңа құрылыстар аулаларын тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге аударды.
Қала басшысы жұмыс сапары барысында Жандосов көшесі бойындағы, Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесінің ортасына «Ескі үйлерді сүру» бағдарламасы бойынша салынған үйдің сапасына сын айтты.
«Құрылысты бұлайша жүргізуге болмайды.Бағасы төмен, қолжетімді баспаналар да сапалы салынуы тиіс»- деп атап өтті қала әкімі.
Ол орын алған барлық кемшіліктерді түзетуді, салынған үйлер айналасына ағашттар отырғызуды, балалар және спорт алаңдарын салуды, тұрғындардың қозғалысы қиын топтары үшін қолжетімді ортаны ұйымдастыруды және басқа да тиісті жағдайларды жасауды тапсырды.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері