- Басты
- Жаңалықтар
- «Ақтөбе» ӘКК табысы 135 млн теңгені құрады
«Ақтөбе» ӘКК табысы 135 млн теңгені құрады
Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өңірде бизнесті дамыту үшін инвестиция тарту және қолайлы жағдай жасау бойынша ең тиімді шаралардың қолданылып жатқандығын атап өтті.
Осы орайда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының атқарар қызметінінің рөлі зор. «Ақтөбе» ӘКК директоры Дархан Өтемістің айтуынша корпорацияның жыл басынан бергі таза кірісі 135 млн. теңгені құраған. Басты назар тұрақтандыру қорының жұмысы мен өңіраралық кооперацияны дамытуға аударылуда.
Өткен жылы 2016-2017 жылдардағы маусымаралық кезеңге тұрақтандыру қорын қалыптасытру үшін «Нарықты бақылау» ЖШС-мен 242,4 млн. теңгеге 2 280 тонна көкөніс пен азық-түлік өнімдері сатып алынып, оның ішінде 575 тонна азық-түлік тауары жүзеге асырылды. Маусымаралықтың алдағы кезеңіне де көкөністер сатып алу үшін фьючерстік келісімшартқа қол қойылды.
Айта кетейік, Ақтөбеде тұрақтандыру қорының өнімдерін жүзеге асыратын 17 әлеуметтік павильон, 5 әлеуметтік дүкен мен 19 шағын базар жұмыс жасайды. Өңіраралық кооперацияны дамыту аясында 2016 жылдың күзінен бері Ақтөбеге Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 690 тонна жуа, 520 тонна картоп, 170 тонна сәбіз жеткізілді. Нәтижесінде, әлеуметтік дүкендер мен «Табыс» коммуналдық базарында көкөніс бағасы өзгелерден 10-30% төмен болып қала береді, халық 37 млн. теңге үнемдей алды.
Қазірдің өзінде жарақатқа қауіпсіз жабын мен антифриз шығаратын «Ақтөбе» индустриялдық аймағын толықтыру шаралары қолға алынуда. Ағымдағы жылы керамикалық тақташа, полипропилен қалталар, үшқабатты қабырға блоктарын, сонымен қатар биг-бэгтер өндірісі іске қосылады.
Бес жоба бойынша жер телімдері бөлініп, жұмыстар басталып кетті. 12 жобаның бесеуіне шетелдіктер ат салысты. Олар: «GIGANT KZ» ЖШС (Германия), «БауМастер International» ЖШС (Болгария), ТОО «Юнайтед Энерджи Ақтөбе» ЖШС (Германия, Швейцария) және «Темир СМ» ЖШС (Түркия, АҚШ және Израиль). Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 72 млрд. теңгені құрайды, 1700 жұмыс орны құрылады.
Облыс басшылығының тапсырмасымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жол бойындағы сервистер мен көшедегі сауда-саттықты дамыту жұмыстарын жандандырды.
Атап айтқанда, «Ақтөбе-Хромтау» тас жолында қызмет көрсету нысаны бар жалпы аумағы 4 гектар болатын логистика орталығының, «А» сыныпты жол бойында қызмет көрсетудің көпатқарымды кешенінің құрылысы басталды.
Облыс орталығында «Көшедегі сауда-саттықтың мың орны» жобасы аясында көше саудасының 30 орны анықталып, тамыз-қыркүйек айларында берілетін болады. Сауда орындары кәсіпкерлерге 7 жылға дейін берілмек.
Жер қойнауын пайдалану бойынша айтарлықтай нәтиже бар. Жалпы жоспарланған инвестиция көлемі 176 млрд теңгені құрайды. Жалпы алғанда, ӘКК-ның жер қойнауын пайдалану бойынша 18 келісімшартының 12-сі геологиялық барлау жүргізуге, алтауы өндіруге қатысты.
«Біздің тарапымыздан барлық қажетті қолдау болды және болады да. Біз барлық туындаған сұрақтарды шешеміз, бірақ сіздердің жобаларыңыз мерзімінде іске қосылулары тиіс»,-деді облыс әкімі инвесторларға қарата айтқан сөзінде.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Сақтандырылған қазақстандықтар саны 1 млн-ға артты -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты