- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар 30%-ға қысқарады
Бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар 30%-ға қысқарады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны қайта реттеу шараларына толығырақ тоқталды.
«Рұқсаттар саны 3 еседен аса қысқартылды, бақылаудың 114 саласы және қадағалаудың 18 саласы қайта қаралды. Мемлекеттік органдарға есептіліктер мен мәліметтер ұсыну бойынша бизнестің міндеттері тұрғысынан заңнаманы тексеру басталды. Бірінші кезеңде қолданылған шаралардың нәтижесі бизнеске қойылатын ақпараттық талаптарды 30%-ға қысқарту болмақ», - делінген хабарламада.
Ауыл шаруашылығында барлық қолдау шаралары АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Оның ішінде – қаржы құралдары, жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау, ауылшаруашылық техникамен қамтылуды арттыру, сауда-логистикалық және ғылыми-технологиялық қамтуды дамыту.
Үкімет жоспарлы салықтық тексерулердің санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізуде, сатып алулар саласын жетілдіруде және жергілікті қамту үлесін арттыру шараларын қолдануда.
Мемлекеттік экономикаға қатысуын қысқарту мақсатында жекешелендіру рәсімдері жеңілдетілді, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен ЖШС-тегі үлесті сатып алудың басымдықты құқығы жойылды. Бұл бизнестің жекешелендіру үдерісіне қатысуын жандандыруы тиіс және кәсіпкерлерге жаңа тауашаларды игеруге мүмкіндік береді.
Жаңғырту 3.0 аясында бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда, экономиканың жаңа салалары, жаңа индустриялар құрылып жатыр, қызмет көрсету, туризм, «қарапайым заттар экономикасы» салалары белсенді дамып келеді.
Шағын және орта бизнес саласындағы ағымдағы жағдай бойынша «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Н. Әлтаев баяндама жасады. Облыстың кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері өзекті тақырыптарды қозғады.
«Екпін 2002» ЖШС директоры Е. Әбиев, «Атай СК» ЖШС құрылтайшысы Т. Қожахметов, «Арқалық» ШҚ басшысы Н. Барлыбаев, «Арт Строй» ЖШС директоры И. Валишин, «Барс-Nord» ЖШС бас директоры В. Богданов, «Радуга» ЖШС бас директоры Д. Шарапаев өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру мәселелерін қозғады, қаржы және рұқсат тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары