- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінген
Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 5,5 млрд теңге бөлінген
Өңір әкімдігінде хабарлағандай, облыста құрылыс қарқын алуда. Әсіресе, тұрғын үй құрылысы көптеп салынып, Сыр бойы бұл бағытта республикадағы көшбасшылар қатарына қосылды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М.Әлсеріков саланың жарты жылдық жұмысының қорытындысын жария етті.
Әкімдіктің мәліметі бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерін дамытуға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,5 млрд теңге қаржы бөлінген, оның ішінде ҚР Ұлттық қорынан - 4,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бағытталып отыр.
"Облыста жалпы ауданы 141,3 мың шаршы метрді құрайтын 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарға барлық қаржыландыру көздерінен 2 260,4 млн теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қорынан 1 562,5 млн теңге қаржы Қызылорда қаласы, Жаппасбай батыр көшесіндегі №2 орамдағы 160 пәтерлі №8 және 50 пәтерлі №16 тұрғын үйлердің құрылысы жұмыстарына бөлінді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Есепті мерзімге барлық қаржыландыру көздерінен 267,7 мың шаршы метр тұрғын үй (өткен жылға 163,9 %) пайдалануға берілді, оның 83,7 мың шаршы метрі 19 көпқабатты тұрғын үй болса, (980 пәтер) 184,0 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді