- Басты
- Жаңалықтар
- Шағын несиелер бойынша өтеусіз негізде кепілдемелер беріледі - Қ.Көшербаев
Шағын несиелер бойынша өтеусіз негізде кепілдемелер беріледі - Қ.Көшербаев
21 Шілде, 2017 09:56
Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту, барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтудың қадамдары жасалуда.
"Бұл бағытта «Нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жақсы мүмкіндік болып отыр. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жылы осы бағдарламаға орай мемлекет несие көлемін 18 млн теңгеге ұлғайта отырып, бұған қоса қайтарымсыз негізде шағын несиелер бойынша жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге – 85%-ға дейін, жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерге 50%-ға дейін кепілдемелер ұсынуда", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында есеп беру кезінде.
Спикер айтып өткендей, кәсіпкерлікті дамыту бұл қазіргі таңда ең маңызды басымдық болып табылады. Бұл – экономикалық өсім, салық, жақсы бюджет, жұмыс орындары және қоғамдық-саяси тұрақтылық. Бұл – әлеуметтік жағынан осал азаматтардың санын қысқартудың ең тиімді тәсілі. Сондықтан, шағын несиелендіруді ұлғайту мақсатында Үкіметтің қарауына қосымша 2 млрд теңге бөлу мәселесі ұсынылған.
Аймақ басшысы бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында биыл өңірде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашылғанын атап өтті. Орталық кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша инженерлік желілерге рұқсат құжаттары мен техникалық шарттарды беру қызметтерін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда аталған орталықтың қызметін электрондық форматқа ауыстыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, облыстағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай жол картасы қабылданып, оны іске асыру барысы қатаң бақылауға алынып, есепке қойылған.
Қаланың, әрбір ауданның және ауылдық округті экономика салалары бөлігінде мамандандыру бекітіліп, кәсіпкерлікті дамытуға жүргізілген мониторинг Ахуалдық орталықтың базасына енгізілді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты