- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстіктен ЭКСПО көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Оңтүстіктен ЭКСПО көрмесіне көкөніс керуені аттанды
Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО аясындағы 4 - шіжәрмеңкесі.
Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171 млн. теңге болатын 420 тонна өнім жеткізбек. ЭКСПО көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық көрме аясында 6 рет жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған жәрмеңкеге дихандар негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен бақша дақылдарын көптеп жіберуде. Өйткені шілденің шіліңгір ыстығында осы өнімдерге сұраныс өте жоғары болмақ. ЭКСПО қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татады. Ал, жәрмеңкеге барған шаруалар өнімдерін сатып қана қоймай, халықаралық шараны тамашалауға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, биыл облыста егіс көлемі 11,4 мың гектарға артып, 800,2 мың гектарды құрап отыр. Оның ішінде көкөніс 35,3 мың гектар, картоп – 13,3 мың гектар, бақша дақылдары 57 мың гектарға егілген.
Табиғаттың қолайлығына байланысты биыл өңір шаруалары мол өнім алуда. Мәселен бүгінгі күнге облыс бойынша 576,7 мың тонна көкөніс, 325,2 мың тонна бақша дақылдары мен 105,5 мың тонна картоп жиналған. Жиналған өнімдер еліміздің өзге облыстарымен қатар алыс-жақын шет елдерге экспортталуда.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
Елорданың дамуы: Қаланы абаттандыру, инвестиция, тұрғын үй, жол мәселелері -
Ішкі сауда және экспорт: КТО желісін, Digital Export терезесін құpу, тұтынyшы құқығын қоpғаy мәселелері -
АҚДМ есебі: БАҚ туралы жаңа Заң, пандемия кезіндегі ақпараттандыру жұмыстары -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары