- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумына 10 елдің кәсіпкерлері келді
Астанадағы Қазақстан-Корея ынтымақтастық форумына 10 елдің кәсіпкерлері келді
ҚХА хабарлағандай, Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін кезеңде, қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның болашағы зор бағдарламаларымен танысулары және қазақстандық бизнесмендер тарапынан серіктестерді іздестіру үшін 10-нан астам елден (Вьетнам, Германия, Испания, Канада, Колумбия, Қырғызстан, Корея Республикасы, Ресей, Өзбекстан, Украина, Жапония және т.б.) 200-ге жуық кәсіпкерлерді Астанаға шақырды.
Форумның мақсаты – қазақстандық және шетелдік кәріс кәсіпкерлері өзара іс-әрекет жасауға арналған тұрақты коммуникациялық ақпараттық алаңша құру.
Форум шеңберінде «YBLN» шетелдік кәріс бизнесмендері желісінің және өз қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Украинадағы 200-ден астам кәсіпкерді біріктіретін ТМД елдеріндегі «ОКБК» кәріс бизнес-клубтары бірлестігінің кеңестері өтті.
« Форумның екінші күнінде шетелдік қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, көрмеге қатысушы елдердің павильондарымен танысқан кезде өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейте түсуге мүмкіндік алады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан халқы Ассамблеясының және Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің, Шетелдік кәрістерге жәрдемдесу қорының, Корея Республикасының «KOTRA» Сауда және инвестициялар жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды