- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада үш түрлі велобағыт болады
Астанада үш түрлі велобағыт болады
Урбанизацияның жоғары деңгейі мен елорда халқының өсуіне байланысты көшедегі жол қозғалысының жүктемесін азайту мақсатында веложолдарды дамыту күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Соған сәйкес, қалалық әкімдіктен велосипед инфрақұрылымын дамыту жоспары жүзеге асырылуда.
«Аталған жобаға сәйкес Астанада күнделікті-іскерлік (утилитарлы), рекреационды және туристік веломаршруттар пайда болады. Алғашқысы күнделікті бір нүктеден келесі бір жерге дейін (мысалы жұмысқа) жету мақсатында енгізіледі. Екіншісі қаладағы саябақтар мен өзен жағасындағы басқа да ландшафты-рекреациялық аймақтара велосипед бағыттарын дамытуды көздейді. Ал үшіншісі туристік мақсатта елордадағы туристік орындарды біріктіретін әрі қаланың туристік әлеуетін дамытуға бағытталған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Астананың әкімшілік аудандарының әрқайсында уақытша велосипед маршруттарын дамыту жоспарланып отыр. Бұл бағыттар қолданыстағы велосипед инфрақұрылымының сұранысын қанағаттандып, демалыс және мереке кезіндегі жолдағы жүктемені азайтуға септігін тигізеді, дейді мамандар.
«Тұжырымдамаға сәйкес, Астана қаласындағы велосипед маршруттарының жалпы ұзындығы 1717 шақырымды құрайды. Оның 1362 шақырымы утилитарлы, 233 шақырымы рекреациялық, ал 32,6 шақырымы туристік және 19,4 шақырым уақытша бағдарлар болады», - делінген институт таратқан хабарламада.
Тұжырымдамаға сәйкес, алдағы уақытта Астанада пайда болатын веломаршруттар қызғылт сары түсте болады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр