- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» театрында «Ромео мен Джульетта» балетінің премьерасы өтті
«Астана Опера» театрында «Ромео мен Джульетта» балетінің премьерасы өтті
Бордо Операсы балеттік труппасының директоры,Өнер және әдебиет орденінің иегері(1990), Құрметті Легион орденінің иегері (1996) Шарль Жюд С.Прокофьевтің музыкасына қойылған әлемдік хореографияның жауһары саналатын «Ромео мен Джульетта» балетін сахналады. Басты партияларды орындайтын балеттің үздік солистері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Premio Roma Italy» сыйлығының лауреаты Мәдина Баспаева (Джульетта) және Тайыр Гатауов (Ромео) –бірінші құрамда, екінші құрамда өнер көрсететіндер: Әйгерім Бекетаева (Джульетта) мен Рүстем Сейітбеков (Ромео), үшінші құрамда -Гауһар Усина (Джульетта) мен Еркін Рахматуллаев (Ромео).
«Шарль Жюд балетті классикалық стильде қойды. Оның негізіне Рудольф Нуриевтің аты аңызға айналған Гранд-Опера театрының сахнасында қойған қойылымы алынды, ол кезде Тибальдтің партиясын Жюдтің өзі орындаған еді. «Ромео мен Джульетта» балеттік спектаклі Рудольф Нуриевтің кезінен бастап Шарль Жюдке және «Астана Опера» театрының труппасына дейінгі ұрпақтар сабақтастығын жалғастыра отырып, театрымыздың репертуарында өзінің лайықты орнын алды», - дейді Т.Нұрқалиев.
Француз хореографы көрермендер назарына кімге де болса түсінікті, сонымен қатар әркім өзінше қабылдайтын бейнелерді ұсынды. Уильям Шекспирдің либреттосында қайғылы аяқталатын бозбала мен бойжеткеннің алғашқы кіршіксіз махаббаты жырланды. Арманшыл және бақытты ғашықтардың көркем картинасының тыныштығын психологиялық аласапыран, қайғылы тағдырдың мұңы мен қасіреті бұзды. Сергей Прокофьевтің керемет музыкасы көрерменді күшті эмоциялық шиеленіске баулыды. Театр сахнасындағы керемет декорацияларға жан бітіп, көрермен сонау 16 ғасырға бойлайды, қанды қақтығыстың тоқтамына балаларынан айрылғанда ғана келетін екі отбасының отағалары – Капулетти мен Монтеккидің арасындағы атыс-тартысты тамашалады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді