• Басты
  • Н.Назарбаев: Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры
6 Шілде, 2013 00:00

Н.Назарбаев: Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры

Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры. Бұл пікірді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін баспасөзде жарық көрген «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыптағы мақаласында білдіреді.

Н.Назарбаев: Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры | Strategy2050.kz

Мемлекет басшысының атап өтуінше, қазір Астана өзінің қонақтарын қала бет-бедерінің әсемдігімен және архитектуралық шешімдерінің батылдығымен, тұрғындарының жылышырайлылығымен және қонақжайлығымен таңғалдырады. Қаланың өзгергені соншалықты, оны кейде тіпті осында бір кездері тұрғандар немесе басқа дәуірде болғандар да танымай қалады.

«Кейде біздің елордамызды жаңа Қазақстанның беткі бейнесі деп те атайды. Мен мұнымен мүлдем келіспеймін. Біздің елордамызда жасанды ештеңе жоқ, өйткені, жаңа Қазақстан дегеніміздің өзі осы. Астана тағдыры - екі ғасыр шебінен батыл аттаған барлық қазақстандықтардың тағдыры. Бұл - белгісіз, ыдыраған супердержаваның қиыр шетінде жатқан ешкім танымайтын республикадан бүгінде жаһандық қоғамдастықта бәрі білетін және құрметтейтін серпінді заманауи мемлекетке дейінгі Үлкен жолдан өткен тәуелсіз Қазақстанның тағдыры», - деп жазады ҚР Президенті өз мақаласында.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды