- Басты
- Жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысында МЖӘ аясында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
Батыс Қазақстан облысында МЖӘ аясында 8 жобаны жүзеге асыру жоспарланған
«Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жеке қаржыны қызмет көрсету саласына көбірек тартуға шақырды. Алғашқылардың бірі болып Батыс Қазақстан облысының әкімдігі бұл ұсынысты түсіністікпен қабылдады. Негізінен 4 бағыт, атап айтқанда сенімді басқару, мүліктік жалға алу, лизинг және сервистік қызмет бойынша жобаларды қолға алдық. Осы орайда, атқарушы орган мен жеке кәсіпкерлер арасында іскерлік тығыз қарым-қатынас қалыптасып, бірлесе алға қойған жоспарларды іске асырамыз деп ойлаймыз», - деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ-ның вице-президенті Айдос Көбетов.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Батыс Қазақстан облысында 4 жаңа әлеуметтік жоба жүзеге асыру реті қарастырылды. Осы орайда БҚО әкімдігі мен «Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ бірлесіп, «Атамекен» АКП алаңында көпшіліктің назарына ұсынды.
«Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ хабарлағандай, әрбір жоба аймақ тұрғындарына ұсынылатын қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.Оның бір мысалы, Орал қаласындағы «№7 қалалық емхана» МКК сенімді басқаруға өткізу.
Қабатты емхана кешені алдында өз ауласы бар. Жеке кәсіпкер ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, орталықты озық үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді міндетіне алады. Осы емханада инвестор тегін кепілдендірілген медициналық көмек ауқымын шектемей, ақылы және медицинадан өзге қызмет түрлерін жасау арқылы табыс табады. Тараптар арасындағы келісім-шарт 10 жылға жасалады.
Таныстырылымға ұсынылған тағы бір жоба облыстық дәрежедегі «Чапаево-Жанқала-Сайқын, 0-337 км» күре жолын күтіп ұстау, күрделі және орташа жөндеу жүргізіп отыруға есептелген. «Облыстық клиникалық аурухана» қалалық коммуналдық кәсіпорнына магнитті-резонанстық томография жабдығын лизингке сатып алып, тұрғындарға қызмет жасауға бағытталып отыр.Орал қаласындағы орта мектеп асханаларындағы мүлікті жалға ала отырып, қызмет көрсетуді қамту.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр