• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметкерлердің үштен бір бөлігі біліктілікті арттыру курстарынан өтті (ФОТО)

Мемлекеттік қызметкерлердің үштен бір бөлігі біліктілікті арттыру курстарынан өтті (ФОТО)

20 Шілде, 2017 13:32
2017 жылы мемлекеттік қызметкерлердің үштен бір бөлігі түрлі біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік істер құызметі және жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Үкіметтегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының бірінші бағытын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарға арналған баспасөз конференциясында хабарлады.

Төраға орынбасары хабарлағандай, Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бекітілген.

«Ол үшін біз оқу процесін Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырдық. Оның бағдарламасы маманның қабілетін артыруға бағытталған.  Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметкерлердің үштен біл бөлігі өз біліктіліктерін арттырды», - деп хабарлады А. Шаимова.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда Мемлекеттік басқару академиясына мамандарды іріктеу жүргізілуде.

«Осы ретте, біз академияға мамандарды іріктеуді жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді. Оларды оқытуда артықшылықтар бар. Мәселен, оқыту барысында оның еңбек өтілі жүреді және оның жұмыс орны сақталады. Білім алушы шәкіртақы алады және шетелдік тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

Фото Арман Мұхатов

Барлық жаңалықтар