- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлерге жалақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі (ФОТО)
2018 жылы мемлекеттік қызметкерлерге жалақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі (ФОТО)
Айгүл Шаимова хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек нәтижесіне байланысты жалақы төлеуге көшу жоспарлануда.
«Еңбек өтілімін ғана ескеретін қолданыстағы жалақы төлеу жүйесінен гөрі жаңа жүйе мемлекеттік қызметкердің өзінің жұмыс істейтін мекемесінің жұмысына қосқан үлесіне байланысты болады. Қазіргі таңда біз әдістемесін жасақтадық және оның пилоттық қолданылуы келер жылға жоспарлануда», - деп хабарлады төраға орынбасары.
Ендігі кезекті жалақы екі бөліктен тұрады – тұрақты және айнымалы.
«Тұрақты бөлік қызметкердің қызметіне байланысты болады. Одан басқа айнымалы бөлігі болады. Мұнда бонустар болады. Алдын ала жоба бойынша бонустар жылына бір рет төленеді. Әрине, егер мемлекеттік қызметкер нақты бір нәтижеге қол жеткізсе. Қызметкремен жеке жоспар жасалады. Жеке жоспар аясында оның алдына нақты міндет қойылады, егер ол жақсы баға алатын болса оған бонус төленеді», - деп түсіндірді ол.
Осы ретте, Айгүл Шаимова хабарлағандай, бонустарды барлығы ала бермейді, тек «тиімділер» ғана.
«Неге біз жалақыны төлеу барысында дифференция болатыны туралы айтамыз, себебі бонустарды тек үздік, тиімді қызметкерлер алады», - деді спикер.
Оның айтуныша, агенттік қызметкерлердің қызметін бағалаудың өзіндік жүйесін енгіздік. Егер жұмысшы нәтижеге қол жеткізсе ол қосымша ақы алады.
«Бұл адамды жігерлендіретін жақсы фактор. Оның көлемі шамамен 100 мың теңге. Мәселен, жас қызметкердің жалақысы 158 мың болса, ол 258 мың теңге алатын болады», - деп мысал келтірді Айгүл Шаимова.
Бүгінде пилоттық апробация үш мемлекеттік органда жоспарлануда: агенттіктің өзінде, Әділет министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінде.
Ақбота Күзекбай
Фото Арман Мұхатов
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр