Елордалық автовокзал билеттерді онлайн сату жүйесін енгізді

20 Шілде, 2017 16:59
Интернет-сатылым «Авибус» ақпараттық жүйесін енгізу аясында іске асырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Тағы бір жаңашылдық – электронды терминалдар. Әзірге олар автовокзал ғимаратында пайда болды, ал екінші жарты жылдықта елорданың сауда үйлері мен темір жол вокзалдарында орнату жоспарлануда.

«Жаңа қызмет жақында ғана жүзеге асырылды, бірақ оның тиімділігі – жолаушылар үшін жылдам әрі ыңғайлы», - делінген  хабарламада.

Күн сайын автовокзалда 3 мың билет сатылады, оның 150-і онлайн-режимде сатылып алынады.

Астана автовокзалы халықаралық, облысаралық, облыстар ішіндегі маршруттарға қызмет көрсетеді.

Күн сайын автовокзал 158 рейс жөнелтеді.

Барлық жаңалықтар