- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді
Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді
Шараның мақсаты – елордада проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын соңына дейін аяқтау.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде ұсынылған нысандардың ішінде құрылысы бітпеген 13 проблемалы тұрғын үй кешені бар. Атап айтар болсақ: «Пана» ТК, «Хан Тенгри» ТК, «Гранитный 1» және ЖК «Гранитный 2» ТК, «Хазрет» ТК, «Көктал-2» ТК, «Зере-1» ТК, «Араби 2» ТК, «Аниса 2» және «Аниса 3» ТК,«Үміт береке» ТК, «Территория комфорта-1» ТК, «Жайлау сити» және ЖК «Табысқұрылтай» ТК.
Жәрмеңкеге ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚРИДМ инвестициялар бойынша комитетінің өкілдері, еліміздің бизнес қауымдастығы, оның ішінде құрылыс ұйымдарының өкілдері бар.
Ресми бөлімін мамандандырылған жүргізуші жүргізеді.
Жәрмеңкеге қатысуға құрылыс нысандарын дамытуға қаржы құятын әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушыларға нысандармен танысу үшін қажетті ақпарат жазылған төлқұжаты бар материалдар дайындалған.
Естеріңізге саламыз, бірінші жәрмеңке Астанада биыл 43 компанияның қатысуымен өткен болатын.
Оның ішінде - Хайвил Қазақстан, Айбын құрылыс, «Құлагер» құрылыс компаниясы, концерн «Найза-Құрылыс» және тағы басқалар.
Өткізілген шараның қорытындысы бойынша құрылысы аяқталмаған төрт нысан бойынша келісімге қол жеткізілді («Скай сити», «Байтау», «Алға самал»және «Араби-2») құрылысты соңына дейін жүргізу туралы алдын ала келісімшарт жасалды.
Жәрмеңке Қорғалжың тасжолы, 2а үйі мекен жайында орналасқан «Думан» қонақ үй кешенінің кинозалында өтеді.
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Түркістан облысы: Тұрғын үй құрылысы 2,5 есеге өсіп, жаңа рухани-мәдени нысандар бой көтеруде -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді