• Басты
  • Жаңалықтар
  • Медициналық пойыздар республиканың 28 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетті

Медициналық пойыздар республиканың 28 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетті

20 Шілде, 2017 10:56
«Саламатты Қазақстан» мен «Денсаулық» кеңестік-диагностикалық пойыздарының дәрігерлік бригадалары жолға шыққалы 96 күнде 95 теміржол станциясының тұрғындарын қарады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі  хабарлағандай,  олардың ішінде Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Павлодар облыстарынан 5193 бала дәрігерге көрінген. Дәрігерлерге қаралғандардың жалпы санын жинақтағанда 192 392-ні құрады. Оның ішінде 157 013 тұрғын диагностикалық тексеруден өтсе, 566 шағын амбулаториялық оташылық жасалды. Маммологтарға 873 әйел, тіс дәрігерлеріне 9949 адам көрінді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өткен аптада жоба аясындағы Шығыс Қазақстан облысындағы сапарын аяқтады. Қазіргі кезде жылжымалы құрам Павлодар өңірінде, «Денсаулық» пойызы Қызылорда облысын аралап жүр. Дәрігерлер неғұрлым көбірек тұрғындарды медициналық қызметпен қамту үшін күнде демалыссыз қабылдау өткізеді. Пойыз жолда жүрген кезде ғана тынығуға үйренді»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.

Атап өтерлігі, консультативтік-диагностикалық медициналық пойыздар  Қазақстанда  2010 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Барлық жаңалықтар