- Басты
- Жаңалықтар
- «Оңтүстік» АИО жарты жылда 2000-ға жуық жобаға қолдау көрсетті
«Оңтүстік» АИО жарты жылда 2000-ға жуық жобаға қолдау көрсетті
Бүгінге дейін компания 48,8 млрд. теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған.
Нәтижесінде облысымыздағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Ал, «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 4,9 млрд. теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд. теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд. теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 128,2 млн. теңгені құрайтын 7 ауыл шаруашылық техникасы лизингке берілген.
Айта кетейік, компания өзінің бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленіп келеді. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығындағы пайыздық мөлшерлеме 7-8 пайыз яғни төмен болуымен бірге несиені рәсімдеу барысында қосымша төлемдер, комиссиялар алынбайды. Несиені өтеу кестесі әр кәсіпкер үшін жеке қарастырылып, икемді түрде жасалып беріледі. Ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлік, саман үйлер де нарықтық бағамен бағаланып, кепілге алынады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әр аудан орталықтарында еншілес ұйымның өкілдері жұмыс жасайды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары