• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды

Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды

19 Шілде, 2017 17:34
Қазақстан өнеркәсібіне Индустрия 4.0 элементтерін енгізуді әзірлеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды.

«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның сарапшылары германиялық Фраунгофер Қоғамының (Fraunhofer-Gesellschaft) мамандарымен бірлесе отырып, бір апта бойы индустрияландыру саясатын құру үрдісіне қатысатын мемлекеттік органдардан, дамыту институттары мен басқа да мүдделі тараптардан сұқбат алды.

ИДМ хабарлағандай,  сұхбат алу барысында сарапшылар өнеркәсіпте Индустрия 4.0 (IT технологиялары, өндірісті автоматтандыру және сандандыру және т.б.) элементтерін енгізуді  қолдау бойынша ағымдағы жағдайды анықтау үшін  мүдделі тараптардың бастамаларын анықтады.

Ол үшін Фраунгофер мамандары Қазақстан өнеркәсібінің дайындық деңгейін бағалау әдістемесін әзірледі.

Мамандар арасындағы сұхбатқа мемлекеттік органдар, машина жасау, металлургия, химия компаниялары, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп, тағам және фармацевтика өндірістері секілді 30 ұйым қатысты.

Сұхбат алу және сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге өңдеу өнеркәсібіндегі секторлардың дайындығын талдау бойынша есеп дайындау жоспарланып отыр.

 

Барлық жаңалықтар