- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Орал-Тасқала жолын жөндеуге 26 млрд теңге бөлінді
«Нұрлы жол»: Орал-Тасқала жолын жөндеуге 26 млрд теңге бөлінді

Жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан «Юнисерв» ЖШС-ның бас инженері Николай Кондопулоның айтуынша, осыдан екі жыл бұрын басталған жұмыстың нәтижесінде жаңғыртылуға жататын 104 шақырым жолдың 54 шақырымы жаңа кейіпке енді.
Жыл соңына дейін 86 шақырымға дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сонда келер жылға 18 шақырымы ғана қалады. Жол бойындағы 10 көпір де жаңғыртылды. Қазір 12 көпірді жөндеу жұмыстары жүруде. Мамыр-маусым айларындағы жауын-шашынға байланысты жұмыстардың кешеуілдегені болмаса, қалғаны қалыпты түрде іске асуда.
«Бұл жоба Елбасының тікелей бақылауында. Сондықтан жоспарланып отырған 86 шақырым жолды биыл қалай да бітіруіміз керек. Қажет қаржы толығымен бөлінді. Қыста вагонның жетіспеушілігіне байланысты мәселе болған еді. Қазір ол шешілді. Сондай-ақ көрші Ақтөбе облысының басшылығымен сөйлесіп, қиыршақ тастың толық көлемде жеткізілуін қамтамасыз еттік. Өздеріңіз айтқандай, қажет материалдың бәрі бар, техника мен адам күші жеткілікті. Сол себепті мындай ауа райын пайдаланып, барынша жедел де сапалы жұмыс істеу қажет»,-деген Алтай Сейдірұлы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жайына да жете назар аудару керектігін жеткізді.
Мердігер компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, олар жергілікті жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Соның нәтижесінде жол бойында түрлі жұмыс атқарып жүргендердің тоқсан пайызы, яғни 80 шақты адам Зеленов, Тасқала аудандарының жақын маңдағы ауылдарының тұрғыны.
Өңір басшысы сондай-ақ жол сапасына техникалық бақылау жүргізумен айналысатын ресейлік «Строй трест» компанияның атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, оларға да жол сапасына қатысты тиісті тапсырмалар берді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық
-
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді
-
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі
-
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»

