• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысы мен Нидерланд Корольдігі АӨК саласында ынтымақтастық жасауға ниетті

Ақмола облысы мен Нидерланд Корольдігі АӨК саласында ынтымақтастық жасауға ниетті

19 Шілде, 2017 18:33
Нидерланд Корольдігі елшілігінің Голланд экономикалық кеңсесінің басшысы Вилко Роггенкамп Көкшетауға келді.

Осы сапар аясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Егор Каппельмен кездесу өтіп, оның барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, тараптар екі басым бағытты айқындады: сүтті мал шаруашылығы және көкөніс шаруашылығы. 

Ақмола облысының әкімдігінде хабарлағандай, Нидерланд Корольдігі елшілігінің өкілі екіжақты экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды дамытуға қатысты қызығушылық білдірді. 

Е.Каппель Нидерланд Корольдігінің агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы тәжірибесі ақмолалық шаруалар үшін қызықты әрі пайдалы болатынын атап өтті. 

Кездесу соңында тараптар Ақмола облысының АӨК саласындағы голландиялық компаниялармен ынтымақтастығын толық талқылау үшін келесі кездесудің күнін белгіледі. 

Барлық жаңалықтар