- Басты
- Жаңалықтар
- Арал ауданында химиялық кластерді дамытуға негіз құрылуда – Қ.Көшербаев
Арал ауданында химиялық кластерді дамытуға негіз құрылуда – Қ.Көшербаев
Соның алғашқысы «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішіндегі тау-кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электр стансасының құрылысы.
Еуропалық қайта құру және Даму банкі мен «Тау-Кен Самұрық» АҚ арасында 350 млн АҚШ доллары көлемінде жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, ҚР Премьер-министрі Б.Сағынтаевтың 28 маусымдағы облысқа жұмыс сапары барысында кешенде гидрометаллургия зауыты құрылысын салудың техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеу бойынша мәселе түбегейлі шешілді.
«Биыл кәсіпорын шамамен 45 млрд теңге инвестицияны игеріп, жыл соңына дейін 200 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.2018 жылдан бастап тау-кен комбинаты 2 млн. тоннаға дейін, ал, 2019 жылдан 4 млн тоннаға дейін руда өндіре алады. Тек комбинаттың ғана пайдалануға берілуі 1500-дей жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Сөйтіп, Арал ауданында химиялық кластердің, ал, Жаңақорған ауданында тау-кен дамыту кластерінің негізі құрылуда деп айтсақ болады», – деді аймақ басшысы өз есебінде.
«Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жобасы да жалғасып жатыр. 2016 жылы қараша айында британдық компаниямен қара тақтатастарды автоклавтық өңдеу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жобаның ІІ және ІІІ кезеңін 125 млн АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.
Мысалға, Қазақстан қор биржасында тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысына инвестициялық қоржын қалыптастыру үшін 30 мың жай акция орналастырылды. Инвестициялар жөніндегі комитетпен бір мезгілде инвестициялық артықшылықтарды алу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айтпақшы, осы жылдың 6 айында компания Тайваньға 80 тонна аммоний метаванадатын экспорттады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары