• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі дәрілік атаумен толықтырылды

Халықты тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі дәрілік атаумен толықтырылды

19 Шілде, 2017 15:47
Жаңа бұйрықта амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі бекітілді.

Тізбеде 48 ауру, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулар: артериалдық гипертензия,  асқазанның ойық жарасы, тыныс демікпесі,  қатерлі ісік аурулары, туберкулез, гематологиялық аурулар, гемобластоздар, аплазиялық анемия, балалардың церебралдық сал ауруы, псиxикалық аурулар, АИТВ инфекциясы.

Сондай-ақ, тізбе ауыр ауру ағымымен сипатталатын Бехтерев ауруымен толықтырылды.

Дәрілердің жаңа тізбесі тиімділігі дәлелденген 59 жаңа дәрімен толықтырылған 256 дәрілік заттардан, оның ішінде 385 дәрілік түрлерінен тұрады. Алдағы уақытта 2 млн-нан астам диспансерлік ауруды қамту көзделуде.

Ведомствода хабарлағандай, енгізілген өзгерістер мүгедектік деңгейін, әлеуметтік маңызы бар аурулардан өлім-жітімнің көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.

Аталған бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

 

 

Барлық жаңалықтар