- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында суармалы алқап алаңдары артуда
Қызылорда облысында суармалы алқап алаңдары артуда
Өңірдің әкімдігі хабарлағандай, облыс Сырдарияның төменгі ағысында орналасқандықтан суару, дренаж және ирригациялық жүйелерін жаңғырту мәселелері стратегиялық сипаттағы мәселе және жоғары орналасқан көршілес елдердің шешімдеріне толығымен тәуелді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасының екінші кезеңі (ПУИД-2) шеңберінде Жалағаш ауданындағы 15 мың гектар су-шаруашылық нысандарын паспорттау аяқталды.
«Қазір біз осы нысандарды республикалық меншікке беру бойынша және ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге шамамен 7 млрд теңге инвестиция тарту бойынша жұмыстарды қатар жүргізіп жатырмыз.
Сондай-ақ, Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы гидротехникалық құрылымдардағы 29 мың га суармалы жерлерді паспорттау қатар жүргізілуде.
Бүгін осы нысандардың паспорттауын аяқтауға және әрі қарай республикалық меншікке өткізуге 208 млн теңге бөлу мәселесін Сіздердің қарауыңызға ұсынып отырмын, – деді аймақ басшысы сессияда.
Бұл бізге халықаралық қаржы институттары арқылы олардың қалпына келтіру жұмыстарына 13 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, келесі 144 мың гектар алқапта ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру үшін жобаның (ПУИД- 3) үшінші кезеңін жүзеге асыру басталады. Осы жобаның аясында Қазақстан бойынша Үкімет тарапынан 4 облыста 312 мың гектар жерді қамту жоспарланған.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Бас анитар дәрігер: Вакциналау деңгейі баяу елдерде вирусты жұқтыру көрсеткіші артуда -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
COVID-19: Грузияда жаңа шектеу шаралары енгізілмек, Румынияда жұқтырғандар саны артуда -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда