- Басты
- Жаңалықтар
- Корея 2030 жылға дейін ЖЭК өндірісін 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Корея 2030 жылға дейін ЖЭК өндірісін 20%-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр
ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа орталығында хабарлағандай, бүгінгі таңда Корея павильоны келушілері ең көп павильондардың бірі болып табылады.
Сондай-ақ павильон комиссары екі елдің екіжақты экономикалық қарым-қатынастары туралы да айтып берді.
«Қазақстан Корея Республикасынан Орталық Азияға орасан зор инвестиция тартқан елге айналды. 1992 жылы Корея Республикасының Қазақстанға инвестицияларының көлемі 21 млн долларды құраса, қазіргі уақытта 3,78 млрд долларды құрап отыр. Корея Республикасына саяхаттап баратын қазақстандықтардың саны 30 %-ға артқанын айта кету керек», - деп атап өтті Ким Енг Сам.
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров Қазақстан мен Кореяның экономикасы бір-бірін өзара толықтыратынын атап өтті. Қазақстанда кореялық «Kia» және «Hyundai» компанияларының автомобиль модельдері көп жыл бойы пайдаланылып келетінін атап өтті. Сондай-ақ ол біздің елдеріміздің жақындығы мен бауырластығы тарихпен байланысты екенін де айтты.
«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда 100 мыңнан астам этникалық кәрістер тұрып жатыр. Сондықтан, біздің халықтарымыздың тарихи қалыптасқан жақындығы мен бауырластығын атап өтпеуге болмайды. Қазақстан Кореяның тәжірибесін белсенді қабылдауда. Көптеген студенттер әр түрлі бағдарламалардың арқасында сапалы жоғары білім алуда. Бүгінде Корея әлемнің энергия тиімді елдерінің бірі болып табылады», - деді Ерлан Хайыров.
Кездесудің ресми бөлігінен кейін қонақтар белгілі кореялық В-Воу командасы бишілерінің, сондай-ақ «Sorea Band» К-pop тобының өнерлерін тамашалады. Сонымен қатар, сахнада дәстүрлі кореялық жауынгерлік өнер – таеквондо көрсетілді.
Сондай-ақ, қала қонақтары мен тұрғындары үшін атақты кореялық актер Со Кан Джунмен фан-митинг ұйымдастырылды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар