- Басты
- Жаңалықтар
- Еуразиялық кинофестивальді голливудтық жұлдыздар ашады - министр
Еуразиялық кинофестивальді голливудтық жұлдыздар ашады - министр
Министр еске салып кеткендей, Еуразиялық кинофестиваль Астанада 22 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында ашылады.
«Еуразиялық кинофестивальдің ашылуына А санатындағы әлемдік жұлдыздар Николас Кейдж, Эдриан Броуди, Джон Малкович және өзгеде танымал жұлдыздар келеді. Егер, бұған дейін келген әлемдік жұлдыздар спорттық стильді ұстанатын болса, аталмыш актерлар зияткерлік жағынан болып келеді», - деді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлағандай, 23 шілдеде кинофестиваль аясында балалар кинофестивалі ашылады.
«Бастысы кинофестиваль аясында шеберлік сыныптары жүргізіледі, барлық шақырылған қонақтар алғаш рет шеберлік сыныптарын жүргізеді. Ал, 23 шілдеде Оқушылар сарайында танымал актер Николас Кейдж балалар кинофестивалін ашады. Өкінішке орай бізде балалар киносына көңіл аз бөлінеді, сондықтан назарды осы салаға аударсақ деп едік», - деп түйді ведомство басшысы.
Бұған дейін, министр «Мәңгілік Ел» кешенді жоспары аясында шығарылатын 28 көркем және деректі фильм туралы ескерткен болатын.
Естеріңізге сала кетейік, баспасөз конференциясында Арыстанбек Мухамедиұлы ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Қазақстанның сакралды картасының» алғашқы данасы таныстырылатынын хабарлады.
Ақбота Күзекбай
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Білім беру саласындағы ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Сот-сараптама реформалары: сот дәрігерлерінің еңбекақысы, мәйітхана ғимараттары мен жаңа Заң жобалары -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті