• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстанның сакралды картасының» алғашқы данасы қыркүйекте таныстырылады

«Қазақстанның сакралды картасының» алғашқы данасы қыркүйекте таныстырылады

19 Шілде, 2017 12:13
Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстанның сакралды картасын» құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Ведомство басшысы айтып өткендей, карта екі бөлімнен тұрады.

«Қазіргі таңда белсенді жұмыс жүргізілуде. Сакралды карта бойынша  жүйелендіру  екіге бөлінді. Бұл макросакралды және микросакралды кітаптар. Макросакралдыға тарихи маңызы бар  100 нысан енеді, ал микросакралдыға өңірлік нысандар енбек. Оған 500 түр енеді. Қыркүйек айында сакралды картаның алғашқы данасы таныстырылады», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, бүгінде ғалымдар ғылыми  экспедицияларға шығып, зерттеу жүргізеді. Ғалымдар жаңа жаңалықтар мен мәліметерді тауып жатады.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында  министр «Мәңгілік ел» жоспары аясында 28 көркем және деректі фильм түсірелетінін айтты.

Ақбота Күзекбай

 

Барлық жаңалықтар