- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да 41 әлеуметтік - инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады
БҚО-да 41 әлеуметтік - инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады
Облыс әкімдігі хабарлағандай, өңірде жер қойнауын пайдаланушы есебінен 2017 жылы жол, тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша 41 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын атап көрсетті.
Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады. Мысалы, «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобаларға бөлінетін қаржысы есебінен облыста 70 км, соның ішінде Орал қаласында 19 көшеде жол жөндеу, депо көпірін қайта салу жоспарланған.
Жер қойнауын пайдаланушы қаржысы үш көп қабатты тұрғын үй (273 пәтер), бір орта мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақсай қаласы мен Бөрлі ауылында қос бірдей балалар бақшасы құрылысына, Оралдың үш көшесі мен әуежайға дейінгі жолда жарықтандырудың бетон тіректері мен әуе желілерін жерасты желілеріне ауыстыру, қуат үнемдейтін шамдар орнату, әлеуметтік нысандар жөндеу, инженерлік желілер мен жолдар тартуға бағытталған. Бұдан басқа Бөрлі ауданы Аралтал ауылында 100 тұрғын үй құрылысы аяқталады.
«Барлық жобалар уақтылы және сапалы жүзеге асырылуы тиіс», деді Алтай Көлгінов. Жиында сондай-ақ «ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан мемлекеттік сатып алуда жергілікті үлесті көбейту бағытында бұдан былай да белсенді жұмыс жасау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Қарашығанақ жобасындағы қазақстандық қатыстың үлесі 530 млн. АҚШ долларына жетіп, 51,6 пайызды құрады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді