- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында құны 16,2 млрд. теңге болатын 26 жоба жүзеге асырылуда
«Нұрлы жол»: Ақтөбе облысында құны 16,2 млрд. теңге болатын 26 жоба жүзеге асырылуда
Олардың қатарында құны 13,9 млрд. тг болатын 8200 оқушыға арналған 16 білім беру нысаны, сонымен қатар, құны 2,3 млрд. тг болатын сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінің 10 нысаны бар.
«Ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан 16 нысанның 400 орындық 10 білім беру нысаны, соның ішінде Ақтөбе қаласында 2440 орындық 6 мектеп пен Қобда ауданының Қобда ауылында, Мәртөк ауданының Хлебодар, Родниковка ауылдарында және Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында барлығы 1560 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға беріледі. Нысандарды салу үшін 1 505 уақытша жұмыс орындары құрылды»,-деп мәлімдеді құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов.
Ақтөбе қаласындағы және Алға ауданының Алға қаласындағы, Хромтау ауданының Дөң ауылындағы 4 200 орындық 6 мектептің құрылысы 2018 жылы аяқталады.
Сондай-ақ, сумен жабдықтау және су тарту нысандарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары да жүргізілуде. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 110,2 шақырым болатын 6 нысан пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Шалқар ауданының Біршоғыр бекетіндегі, Мұғалжар ауданының Алтынды, Ащысай, Мұғалжар ауылдарындағы, Қобда ауданының Терісаққан, Бестау ауылдарындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы мен қайта құру жұмыстары.
2018 жылы Шалқар ауданының Бегімбет ауылындағы кәріз жүйесінің, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы су құбырының, Қарғалы ауданының Ақкөл ауылындағы сумен жабдықтау жүйесінің қайта құру жұмыстары, Әйтеке би ауданының Тымбұлақ ауылындағы су құбыры жүйесінің құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталмақ.
Аталмыш жобаларды жүзеге асыру сумен жабдықтау, су тарту желілерінің тозуын, сумен жабдықтау желілеріндегі апаттарды азайтуға, сонымен қатар халықтың 92,6%-ын орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді