- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында археологиялық карта дайындалуда
Қостанай облысында археологиялық карта дайындалуда
«Келер жылы, мамандардың айтуынша, карта құрыла бастамақ. Бұл жұмыстар Қостанай облысындағы 2014 жылғы ұлттық тарихты зерделеу мен насихаттау аясында атқарылмақ», - делінген хабарламада.
Биыл да облыс көлемінде ұлттық тарихты зерделеу бойынша айтарлықтай істер атқарылды. Оған білім беру, мәдениет басқармасы, ішкі саясат бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдар ат салысты. 2014 жылы аталмыш жұмыстар жалғасын табатын болады.
«Биыл түрлі мемлекеттік тапсырмалар көлемі 7,3 млн теңгені құрады. Ішкі саясат басқармасының сараптамасына сүйенсек, келер жылы бұл көрсеткіш 14 млн теңгеге өспек. Бұл аталмыш бағыт бойынша мемлекеттік тапсырыстың артуына байланысты. Сонымен қатар, кей өңірлерде әлгі топтамалар мүлде қарастырылмаған», - деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары С.Бектұрғанов.
2014 жылы «Тарих ағымындағы халық» бағдарламасы аясында түрлі көрмелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, кездесулер өткізіледі. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ресурстық орталық құрылады. Сонымен қатар, ұлтаралық достықты насихаттайтын «Достастық керуені» іске кіріседі. Бұлардан бөлек өңірдің археологилық картасы да көпшілік қолданысына ұсынылмақ.
«Бұл жұмыстар Қостанай Мемлекттік университеті жанындағы археологилық лаборатория көмегімен антропологтар тарапынан атқарылады. Нәтижесінде археологиялық ескерткіштердің орналасуы мен жағдайын нақтылау үшін шалғайдағы өңірлерді аралау керек болады», - деді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорның орынбасары Г.Саталкина.
Археологиялық картаға 700 мың теңге жұмсау көзделіп отыр. Одан кейін оқымыстылар археологиялық атласты қолға алулары мүмкін.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты