• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

Мәжіліс депутаттары Қызылорда облысында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

18 Шілде, 2017 19:43
Мәжіліс депутаттары мемлекеттік саясат бағыттарын түсіндіру мақсатында "Нұр Отан" партиясының Сырдария аудандық филиалының белсенділерімен кездесті.

Қызылорда облысының әкімдігінде хабарлағандай, депутаттардың сапары азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдаудан басталды. Қабылдау барысында мал жайылымдық жер және ауыл шаруашылығы саласының мәселелері көтерілді. 

Мәжіліс депутаттарының партия активімен кездесуі Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттауға арналды.

"Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыты болып табылады. Жолдаудың басты мақсаты - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді қамтамасыз ету. Бұл үшін бізде адам әлеуеті, өңірлер мен салаларды дамытудың айқын бағдарламалары бар", - деді Абзал Ералиев.

Сондай-ақ депутаттар индустрияландыру, инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, білім беру, денсаулық сақтау бағдарламаларының  маңызды бағыттары туралы да айтып өтті.

Партия активімен кездесуден кейін Мәжіліс депутаттары «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінде орналасқан «Керуен» кешенінің жұмысымен танысты.

Барлық жаңалықтар