Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыруға 15,8 млн теңге бөлінген

18 Шілде, 2017 19:23
Қызылорда облысы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің саны 640 үйді құрайды.

Өңір әкімдігінде хабарлағандай, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудандық бюджеттерден 15 көп қабатты үйді жаңартуға 75,1 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта тұрғындармен шарт жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда қаласы бойынша 74,360 млн теңгеге Бөкейхан көшесіндегі №62 үйді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бұдан бөлек, биылғы жылы Қызылорда қаласын және елді мекендерді, Арал, Қазалы қалаларын және Жалағаш ауданының Тан ауылдық округін абаттандыру мен көгалдандыруға облыстық бюджеттен  768,701 млн теңге бөлінген. "Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру" МЖӘ жобасы бойынша тұжырымдама мен құжаттама әзірлеуге 15,897 млн теңге бөлінген. 

Барлық жаңалықтар