- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» Үкімет алдында «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру туралы есеп берді
«Бәйтерек» Үкімет алдында «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру туралы есеп берді
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, холдинг есептік кезеңде бағдарламаның барлық жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізген.
«Бәйтерек» холдингі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бес негізгі бағытының төртеуін іске асыруға қатысуда. Үстіміздегі жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын кредиттік тұрғын үй құрылысының бағыттары бойынша Холдинг қаржыландыру модельдерін өзгерткен. Негізгі назар тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландырудан тек жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге қаражатты шартты орналастыру арқылы ғана қаржыландыруға ауысты", - деп түсіндірді басқарма төрағасы.
Нәтижесінде 28,7 млрд теңге сомаға әкімдіктердің бағалы қағаздары сатып алынған.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бірінші жарты жылдықта 117,1 млрд теңге сомасына 18 мың несие берген, бұл жоспардың 129%-ын құрайды. Олардың ішінде 35,4 млрд теңге сомасындағы 3,9 мың несие Астана қаласында, 21,5 млрд теңге сомасындағы 2,8 мың қарыз Алматы қаласында берілген. Бұған дейін қабылданған бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй құрылысын іске асыру бағыттары бойынша «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ жалдауға және кредитке берілетін 240,2 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, бұл 3959 пәтерді құрады", - деді Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, тұрғын үйді тапсыру көлемі 2,5 есеге асыра орындалған, бұл жеке құрылыс салушылар тарапынан құрылыс салу қарқынының жоғары болуына байланысты болып отыр.
"Жалға берілетін тұрғын үй құрылысының бағыты шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ белгіленген жоспарға сәйкес бірінші жарты жылдықта 66,1 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, бұл 1 194 пәтерді құрады", - деп қорытындылады "Бәйтерек" ҰБХ басшысы.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары