Ақмолалық өнім қытайлық өткізу нарықтарына шығуы мүмкін

18 Шілде, 2017 18:37
ҚХР Хунань провинциясы Сяан Цзан жаңа ауданы тобының инвестициялық қорынан Хунань провинциясының Халықтық-Консультациялық кеңесі төрағасының орынбасары Оу Янг Бин бастаған қытайлық делегация Ақмола облысына келді.

Ақмола облысының әкімдігінде хабарлағандай, инвесторлар "Жаңа Береке" ШҚ базасында Ерейментау ауданында өндірілетін өнімді (ет және бидай) экспорттауға бағытталған жобаны іске асыруда өзара іс-қимылды кеңейту ниетімен келген. 

Сапар барысында қытайлық делегация бірнеше объектінің жұмысымен танысты. Олар Торғай ауылында орналасқан "Ерейментау-Астық" НҚП-да болды. Қонақтарды қазақстандық астық өндірісінің ерекшеліктері, объектінің материалдық-технологиялық базасы, инфрақұрылымы, географиялық орналасуы, техникалық жарақтандырылуы қызықтырды.

Сонымен қатар, қонақтар "Жаңа Береке" ШҚ мал өсіру үй-жайларын қарады. Бұл сиыр етін өндірумен айналысатын шаруа қожалығы, 2013 жылы құрылған, негізгі қызмет түрі - үш мың ІҚМ басына арналған жемдеу алаңы, жылына 5 мың тонна ет және ет өнімдеріне арналған ет өңдеу кешені. Қазіргі уақытта шаруашылықтағы ІҚМ басы 2549-ды құрайды. Болашақта 3000 басты құрайтын жобалық қуаттылыққа шығу үшін жас малдың етін сатып алуды жалғастыру, сондай-ақ тағы 6 мал өсіру үй-жайларын салу, етті экспортқа өткізу жоспарланып отыр.  

Соңында делегация басшысы Оу Янг Би нұсынылып отырған "Ақмола облысында өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту" жобасының болашағы бар екенін айтты. 

Өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары Егор Каппель қонақтарға қазақстандық өнімнің қытайлық өткізу нарықтарына шығуы туралы тілек білдірді. 

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінде Хунань провинциясы аптасының ашылуы аясында "Жаңа Бәйтерек" ШҚ және қытайлық инвесторлар арасындағы екіжақты келісімге қол қойылды.

Барлық жаңалықтар