- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда бос жер телімдері белгіленген электронды карта құру жұмыстары басталды
Қарағандыда бос жер телімдері белгіленген электронды карта құру жұмыстары басталды
«Инвесторлар тарапынан облысымызға деген қызығушылық бар. Өткен аптаның өзінде-ақ біз төрт шет елдік және екі отандық инвесторлармен кездесу өткіздік. Олармен аспап, кабель зауытының құрылысы және тағы да басқа жобаларды жүзеге асыру туралы әңгімелестік», -деді облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров.
Потенциалды инвесторлармен жұмыс барысында мемлекеттік органдардың және мүдделі құрылымдардың дұрыс үйлестірілуін күшейту керек деп есептейді облыс әкімінің орынбасары. Сонымен қатар аймағымызда инвесторларды іздестіру бойынша нақты жүйе құру керек. Ол үшін тауашалы жобалардың тізімі құрылуы қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 2050-ші жылға дейін еліміздің ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойып отыр. Жергілікті билік кәсіпкерлерге жайлы жағдай жасау керек. Аймағымыздың бизнесмендері бос жер телімдері, техникалық қосу шарттары бойынша ақпараттарға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып шағымданды.
« Бұл кешегі күннің проблемасына айналуы тиіс. Ол үшін бос жер телімдері мен энерго қуаттылықтардың электронды карталары құрылатын болады. Қазіргі таңда біз бұл жұмыстарды бастап кеттік. Бірінші кезеңде ол Қарағанды мен Теміртау болады, соңыра басқа да қалалар мен аудандарды қамтитын боламыз» - деді Алмас Айдаров.
Сонымен қатар ШОБ субъектілері үшін бос ғимараттар картасын құру қажеттілігі бар.
«Инвесторлар үшін жайлы жағдай жасау – бірінші кезекте тұрған мәселе. Бизнеске көмек көрсету үнемі түрде жалғасып отыруы қажет», - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов, орынбасарының баяндамасын тыңдап болған соң.
Аймақ басшысы жақын арада кәсіпкерлік мәселелері бойынша Кеңестің кезекті жиналысын ұйымдастырып, ғалымдар мен бизнесмендерден тұратын Ғылыми-техникалық кеңес жинауды тапсырды.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде