- Басты
- «Менің арманым» ұлттық жастар байқауының жеңімпазы 5 млн теңгеге ие болады
«Менің арманым» ұлттық жастар байқауының жеңімпазы 5 млн теңгеге ие болады

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов байқаудың мазмұны туралы айтып берді.
«Білім және ғылым министрлігі ұлттық жоба, «Менің арманым» байқауының басталуы туралы жариялайды. Бұл байқаудың мақсаты – біздің жастарымыздың әлеуметтік белсенділігін, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту. Ең алдымен, осы байқау Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған идеялары шеңберінде іске асырылатын әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталғанын атап өткім келеді. Осы жағдайды пайдалана отырып, БАҚ арқылы жастарды байқауға қатысуға шақырамыз. Жастар неғұрлым көбірек қатысса, байқау да соғұрлым қызықты өтеді», - деп түсіндірді Б.Әбдірәсілов.
Ғылым комитетінің төрағасы хабарлағандай, осы байқауға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Байқау бес бағыт бойынша өткізіледі: экологиялық орта, білім беру, технологиялық, әлеуметтік-мәдени орта.
«Менің арманым» байқауының соңғы кезеңі телевизиялық әлеуметтік-зияткерлік шоу болмақ, ақтық жарысқа қатысуға ең үздік 64 жобаның авторы Астана қаласында жиналады.
«Байқау «Хабар» агенттігінің алаңында ток-шоу түрінде өтетін болады. Алдымен, қатысуға арналған өтінімдер қабылданады, кейін телевизиялық бағдарламалар түрінде өтеді», - деп атап өтті Б.Әбдірәсілов.
Қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 20 шілде және 1 қыркүйек аралығында байқаудың www.meninarmanym.kz ресми сайтында қабылданады. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолдауымен іске асырылады. Жобаларды құрамына Қазақстан Республикасының белгілі қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлері мен саясаткерлері кіретін кәсіби қазылар алқасы бағалайды.
Ақбота Күзекбай
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
SAILAU TALKS 2021: «Сайлау науқанында жастардың азаматтық, саяси белсенділігі артты»
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Мәслихаттардағы жастардың үлесі қандай
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Қайырымдылық жобасы 2 млн адамды қамтыды

