- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкент қаласында пәтер иелерінің кооперативтері құрылады
Шымкент қаласында пәтер иелерінің кооперативтері құрылады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен қала орталығының инвестициялық тартымдылығын арттыру және тұрғындар мен қонақтарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасау, санитарлық ахуалын жақсарту басты назарға алынған болатын. Аталған тапсырмалардың орындалу барысы облыс әкімдігінде өткен жиында тағы бір пысықталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үй қорын күтіп ұстау, үй тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің бірі. Шымқаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі 1930-1990 жылдар аралығында пайдалануға тапсырылуына байланысты олардың тозу деңгейі жоғары болып отыр. Басқарма басшысы көпқабатты үйлерді кондоминиум ретінде тіркеу, басқару органын құру, күтіп ұстау, сақтау жағдайын сөз етті.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Шымкент қаласында биыл 67 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қала әкімдігі тарапынан 21 үйдің жобалау сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен 229,6 млн. теңге қарастырылды», - деді Марғұлан Марайым.
Басқарма басшысы Шымкент қаласы бойынша 1992 көпқабатты тұрғын үйдің 293-ін әділет органдарына тіркеуді қадағалап, ұйымдастыру жұмыстарын басшылыққа алуды ұсынды.
«Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау мақсатында пәтер иелерінің келісімімен кондоминиум объектісінің басқару органы немесе пәтер иелерінің кооперативтері құрылуы қажет. Бүгінгі күнге 1120 үйге 17 басқарушы компаниялар қызмет көрсетуде. Бұл әлі де аз. Сондықтан осы саладағы жұмыстарды жандандыру керек. Сондай-ақ қаланың қысқы жылыту маусымына даярлығына әзірден бастап кіріске абзал», - деді облыс әкімі Ж. Түймебаев.
Жиын барысында тұрғын үй, санитарлық тазалық, көріктендіру, табиғи газ пайдалану, сапалы электр энергиясы, ауыз су, канализация, жылумен қамтамасыз етудегі жұмыстардың барысы да назардан тыс қалған жоқ. Тұрғын үйлерді күтіп ұстау үшін сервистік және басқару компанияларын құру жайы да сөз болды. Жыл басында қалада бар жоғы 9 сервистік компаниялар болса, бүгінгі күнге олардың саны 17 жетіп, 1120 көпқабатты тұрғын үйлерді қамтып отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті -
Шымкент шаһарының дамуы: Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 54,3%-ға артқан -
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады -
Алматы қаласында пандемия кезінде кәсіпкерлер саны 6000-ға өсті -
Тоқаев: Aқша-несие саясатын рeттeйтiн комитет құрылады