• Басты
  • «Нұрлы жер»: ипотека бойынша тұрғын үй
18 Шілде, 2017 15:14

«Нұрлы жер»: ипотека бойынша тұрғын үй

Атырау облысында "Нұрлы жер" бағдарламасының барлық бағыттары бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
«Нұрлы жер»: ипотека бойынша тұрғын үй

 «Қазір екінші деңгейлі банктер тұрғындарға жылына 17 пайызбен ипотека береді, енді аталған бағдарлама арқылы мемлекет ипотекалық қарыздың сыйақы мөлшерлемесінің 6-7 пайызын субсидиялайтын болады. Нәтижесінде қарыз алушының ай сайынғы төлемі 30-40 пайызға азаяды. Айта кету керек, бағдарламаға қатысу үшін ипотека кезегіне тұру талап етілмейді, тұрғын үйлерінің саны маңызды емес және қосымша комиссиялар жоқ. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша еліміздің кез келген азаматы ипотекалық қарыз алуға өтініш бере алады», - деп хабарлады Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.

Бағдарламаны жүзеге асыру баспана алғысы келетіндерге де, бағдарламаға қатысатын үй салушыларға да тиімді.

«ЕДБ субсидиялау туралы шешім қабылданған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 5 пайызынан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз береді. Қарыз алушының несиесі бойынша жылына сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызын ЕДБ-ке мемлекет төлейді» - дейді "Даму" КДҚ" АҚ Атырау облысы бойынша аймақтық бөлімшесінің директоры Əлия Өтепқалиева.

Айта кету керек, ипотекалық несиелеудің қолжетімділігін арттыру, жеке компаниялардың тұрғын үй салуын ынталандырумен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасының басқа да мақсаттары бар.

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  бүгінде Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы үшін несиелік және жалға берілетін тұрғын үй қорын құру аясында жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр болатын, 2007 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

« Биылғы 6 айда 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 12 үй, 717 пәтер. Сонымен қатар, биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 11,2 млрд теңге бөлінді, ол тұрғын үй құрылысының қарқынын жеделдетуге мүмкіндік береді. Қазір 4 368 пәтерден тұратын 43 көп пәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалу үстінде. Құрылыс 2018 жылы Атырау қаласының «Береке», «Нұрсая» ықшам аудандарында жоспарланған. Биыл аталған жобалардың ішінде жергілікті бюджет есебінен 2118 пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы басталады», - дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.

Құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, үй салушылар «Нұрлы жер» бағдарламасына белсенді қызығушылық танытуда, қазір банктер бірнеше жобаларды қарап жатыр. Болжам бойынша азаматтардан өтініш қабылдау 2017 жылдың тамыз айында басталады.

Күні бүгін бағдарламаға қатысуға 7 банк қолдау көрсетіп отыр, олар: «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Банк RBK» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ. «БанкЦентрКредит» пен «АТФБанк» өтініш қабылдауды бастады.

Айта кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасы ипотекалық  қарыздар бойынша екінші деңгейлі банктер беретін ипотекалық кредит беру арқылы сыйақы ставкасын субсидиялауға бағдарланған. Субсидиялау бастапқы тұрғын үй салушыдан ЕДБ сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жүзеге асырылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды