- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін ИКЖ-мен қамтамасыз ету жоспарлануда - Ж.Қасымбек
Биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін ИКЖ-мен қамтамасыз ету жоспарлануда - Ж.Қасымбек
«Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды»,-деп атап өтті министр.
Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.
«Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады)», - деді министр.
Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.
Айта кетейік, министр Үкімет отырысында республика бойынша 2017 жылдың 6 айында 47 738 баспана пайдалануға берілгендігін айтқан болатын.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек