- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәсекелестік туралы» үлгілік заң БЭК жағдайында Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді - Н.Алдабергенов
«Бәсекелестік туралы» үлгілік заң БЭК жағдайында Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді - Н.Алдабергенов
«Қазір бізде бәсекелестік туралы үш заң бар, және үш мемлекеттің барлық үш заңы түрлі деңгейлерде. Шекараларымыз ашық болғандықтан, біздің алдымызда тұрған бірінші міндет – бұл жақындау болды, яғни біз ұлттық бәсекелестік заңнамаларымызды жақындатуымыз керек. Сондай-ақ үш заңнамада қажетті деп санаған нормаларды анықтауымыз керек. Қазақстан үшін заң бұзушылықтардың барлық түрлерін тоқтатуға мүмкіндік беретін нормалардың бар болғаны маңызды», - деді Н.Алдабергенов.
«Мемлекеттік сатып алулар бойынша бірінші норма – сауда-саттықтағы монополияға қарсы бақылау. Қазір Қазақстанда БҚА ол жұмысты жүргізбейді, ал Ресейде бұл норма қолданылады – бұл халықаралық тәжірибе. Ол Қазақстанға не үшін қажет», - деп жалғастырды ол.
ЕЭК министрі түсіндіргендей, келесі жылдан бастап Қазақстан Ресей мен Белорусьтің ашық электрондық сауда-саттығына кіреді, ал олар өз алдына Қазақстанның электрондық сауда-саттығына қатысады. Ресейде осы келісімдерге қарайтын монополияға қарсы органдар бар, ал Қазақстанда ол жоқ. Мұндай жағдайда бұл норманың да болғаны жөн.
«Заңның екінші нормасы - дисквалификация. Бұл ЕО елдерінде, АҚШ-да кеңінен қолданылатын норма. Егер кәсіпорын монополияға қарсы заңнаманы бірнеше рет бұзатын болса, айыппұлдардан бөлек оны 3 жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айырады. Ресейде бұл норма да бар, егер ол Қазақстанда болмаса, бұл Қазақстандағы ресейлік және белорустық кәсіпорындардың қайта тіркеуіне алып келуі мүмкін», - деп есептейді Н.Алдабергенов.
Оның пікірінше, Үлгілік заң бәсекелестік заңнамаға қажетті барлық қажет нормалардан тұрады. Басқаша айтқанда, олардың болуы Бірыңғай экономикалық кеңістік шарттарында Қазақстан позициясын нығайтады, барлық мүмкін заң бұзушылықтарды тоқтатады.
«Бәсекелестік шарттарында бізге нарықтарға ену маңызды, сәйкесінше біз үшін тең шарттар құру маңызды. Осыған қатысты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев КО елдері нарықтарына ену жайлы айтып, алдымызға сондай мақсат қояды. Екінші міндет – тең бәсекелестік шарттарында өз нарығын қорғау. Заң кепілдемелік сипатқа ие, бұл нормаларды үш мемлекеттің заңнамаларына бір жылдың ішінде енгізу жоспарланған», - деп түйіндеді Н.Алдабергенов.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді