Қызылорда облысында сатып алу саласында 1 млрд теңге үнемделді

18 Шілде, 2017 12:54
Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен биылғы алты айда жалпы құны 22 млрд. 786 млн. теңгені құрайтын 84 конкурс өткізілді.

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  сатып алу қорытындысында үнемделген қаржы 1 млрд. 2 млн. 039 мың. 897 теңге болды.

Жарты жылда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен 4-семинар, 1- дөңгелек үстел өткізілді.

 Бұдан бөлек, басқармасы қызметкерлері Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» тыңдаушыларына «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында 26 сағат дәріс оқыған.

Жыл басынан бері 248 құқық бұзушылық фактісі мемлекеттік аудит органдарымен анықталып, «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заң бұзушылықтар тізілімі» электрондық бағдарламасына енгізілді. «Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу» электронды бағдарламасы аясында 84 конкурстың және кураторлық шеңберінде жүргізілген 67 мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша 182 конкурстық комиссия мүшесі мен олардың 597 жақын туыстары және осы сатып алуларға қатысқан 910 әлеуетті өнім берушіге қатысты ақпарат енгізілді.  

Аталған кезеңде басқарма басшылығының жеке қабылдауында 14 адам қабылданып, оның барысында өтініштерге ауызша түсіндірмелер берілді.

Барлық жаңалықтар